Бангладеште қазақстандықты пышақтап өлтірген Беларусь азаматтары қамауға алынды

0
608

Жақында ҚР СІМ 26 наурызда Бангладештегі АЭС құрылысында жұмыс істейтін қызметкерлер арасындағы төбелес кезінде Қазақстан азаматы қаза тауып, тағы бір қазақстандық жараланғанын хабарлады.


Бангладеште қазақстандықты пышақтап өлтірген Беларусь азаматтары қамауға алынды

ERNUR.KZ. Бангладештегі Руппур қаласында атом электр станциясының құрылысында жұмыс істеген қазақстандық азаматты өлтірді деген күдікпен үш Беларусь азаматы қамауға алынды, деп жазады ulysmedia.kz.

Пабна қаласының соты 28 наурызда Беларусьтің үш азаматын – 44 жастағы Виталий Урбанвичусты, 42 жастағы Геннадий Федоровичті және 43 жастағы Владимир Мацавейді тұтқындады. Олар электр станциясын жобалаумен айналысатын ресейлік Rosem компаниясында жұмыс істеді.

"Қазақстан азаматы Владимир Швец Грин Ситидегі 10 қабатты үйдің № 106 бөлмесінде, "Руппур" АЭС жобасының тұрғын ауданында пышақталды. Оқиға кезінде оның ағасы да зардап шекті", - деп жазады басылым.

Жақында ҚР СІМ 26 наурызда Бангладештегі АЭС құрылысында жұмыс істейтін қызметкерлер арасындағы төбелес кезінде Қазақстан азаматы қаза тауып, тағы бір қазақстандық жараланғанын хабарлады.