Ерлан Тұрғымбаев ішкі істер министрі қызметіне 2019 жылы тағайындалған болатын.
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы экс-министр Ерлан Тұрғымбаевтың ұсталғанын растады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Таратылған мәлімдемеден Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы 2022 жылғы қаңтар оқиғасына қатысты қылмыстық істерді тергеуді жалғастырып жатқаны белгілі болды.
"Ағымдағы жылдың 29 сәуірінде ауыр зардаптарға әкеп соққан билік пен лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдаланғаны үшін (ҚК-нің 362-бабы 4-бөлігі) Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабы тәртібінде ішкі істер экс-министрі Е.З.Тұрғымбаев ұсталды, хабарлады ҚР Бас Прокуратурасы.
Қылмыстық істе мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтердің болуына байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басқа деректері жария етуге жатпайды.
Естеріңізге сала кетейік, Ерлан Тұрғымбаев ішкі істер министрі қызметіне 2019 жылы тағайындалған болатын. 2022 жылы қаңтар оқиғасынан кейін отставкаға кетті.