Бас санитардың болжамы Біртановтан асып түсті: Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 4 мыңға жетеді

0
736

Айжан Есмағамбетова осы уақытқа дейін Қазақстанда коронавирус жұқтырғандармен байланыста болған 40 мыңға жуық азаматтың анықталған айтты.


Бас санитардың болжамы Біртановтан асып түсті: Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 4 мыңға жетеді

ERNUR.KZ. Қазақстанның бас санитары Айжан Есмағамбетова Қазақстанда коронавирус жұқтырған адам саны алдағы айда қаншаға дейін жетуі мүмкін екенін айтты, деп жазады baq.kz.

Қазіргі кезде республикада коронавирустың шарықтау шегі басталды. Науқастардың саны күн сайын 8%-ға өсіп отыр. Болжам бойынша, дерттің өршуін, шарықтау шегі мен төмендеуін наурыз, сәуір және мамыр айларында өткереміз. Болжам бойынша сәуір айының соңына дейін 2 700-дей адам коронавирус жұқтыруы мүмкін. Мамыр айының соңына дейін 4 мыңға жуық адам індетке шалдығуы ықтимал, - деді Айжан Есмағамбетова.
Бас санитардың сөзіне қарағанда, бүгінде денсаулық сақтау министрлігі күн сайынғы статистиканы 5%-ға дейін төмендетуді көздейді. Одан кейін ауруға шалдығу көрсеткішін 1%-ға түсіру керек. Ал жергілікті жерде науқастардың тіркелуі тоқтағанда жағдай тұрақталады.


Еске салайық, бұған дейін ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирус шарықтау шегіне жеткенде науқастардың саны 3 500 адамнан аспауы ықтимал деп айтқан.

22 сәуір сағат 18:30-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша 2070 науқас бар