Баспана кезегінен шығарылмайтын әлеуметтік осал топтардың тізімі жарияланды

0
265

Бірқатар санатқа кіретін азаматтардың балалары кәмелет жасқа толса да, тіпті қайтыс болған жағдайда баспана кезегіндегі орны сақталады.


Баспана кезегінен шығарылмайтын әлеуметтік осал топтардың тізімі жарияланды

фото: Sputnik / Абзал Калиев

ERNUR.KZ. Қазақстанда әлеуметтік осал топтардың бірнеше санатын баспана кезегінен шығаруға тыйым салынады, деп жазады sputnik.kz.
Бүгін сенатта қаралған заң аясында халықтың әлеуметтік осал топтарының мүдделерін қорғау мақсатында арнайы бап енгізілді. Оған сәйкес, бірқатар санатқа кіретін азаматтар және олардың балалары кәмелет жасқа толса, тіпті қайтыс болған жағдайда баспана кезегіндегі орны сақталады. Олар:
жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар;
мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
"Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқ" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар;
толық емес отбасылар;
қандастар;
жесір әйелдер (тұл ер адамдар).
Баспана кезегінде тұрған азаматтар кіріс деңгейіне және тұрғынжайға мұқтаждар есебіне қойылған күніне қарай көмек алады.
Айта кетері, бүгін сенат депутаттары тұрғын үй саясатын реформалауға қатысты заң жобасын қарады. Соның аясында Отбасы банкі ұлттық даму институты ретінде баспана кезегін жүргізіп қана қоймай, тұрғын үймен қамтамасыз ету шараларын да атқарады. Ол үшін банкте тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы құрылып, оған баспана кезегі, яғни бірыңғай республикалық электронды база беріледі.