Батыс Қазақстанда екі жасар қыздың үстіне теледидар құлап кетті (видео)

0
598

Оқиға Бәйтерек ауданындағы Переметное ауылындағы ауруханада болған.


Батыс Қазақстанда екі жасар қыздың үстіне теледидар құлап кетті (видео)

иллюстрациялық фото

ERNUR.KZ. Ауыл ауруханасында 2020 жылы туған қыздың үстіне теледидар құлап кетті, баланың жағдайы ауыр, деп жазады sputnik.kz.

"Теледидар тұрған тумбаға 2020 жылы туған бала шыққан. Соның салдарынан құрылғы тапал тіреумен бірге қыздың үстіне құлаған. Әкесі диванда отырған. Осы жағдайдан кейін ол баланы көтеріп алып, қабылдау бөліміне жүгірген", - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Оқиға Бәйтерек ауданындағы Переметное ауылындағы ауруханада болған.
Қызды педиатр мен хирург қарап, ауырсынуды басатын дәрі егіп, санитарлық авиация шақырған. Жәбірленуші педиатр мен мейіргердің бақылауымен ауруханаға жеткізілді, деп жазды "Мой город".
Қазір қыз жансақтау бөлімінде жатыр, оның жағдайы тұрақты ауыр деп бағаланды. Жабық бассүйек-ми жарақатын алған, миы соғылған, торлы қабық астына қан құйылған деген диагноз қойылды.