Батыс Қазақстанда үстіне теледидар құлап кеткен қыз есін жиды

0
855

Оқиға Бәйтерек ауданындағы Переметное ауылындағы ауруханада болған.


Батыс Қазақстанда үстіне теледидар құлап кеткен қыз есін жиды

ERNUR.KZ. Батыс Қазақстан облысында үстіне тумба мен теледидар құлап кетен екі жасар қыз есін жиды, деп жазады sputnik.kz.

Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Оқиға Бәйтерек ауданындағы Переметное ауылындағы ауруханада болған.
Қызды педиатр мен хирург қарап, ауырсынуды басатын дәрі егіп, санитарлық авиация шақырған. Жәбірленуші педиатр мен мейіргердің бақылауымен ауруханаға жеткізілді. Оның жағдайы тұрақты ауыр деп бағаланды.
Балаға жабық бассүйек-ми жарақатын алған, миы соғылған, торлы қабық астына қан құйылған деген диагноз қойылды.
Ол жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылды, деп жазды "Мой город". Қыз ауруханада анасымен бірге жатыр.