Баян Мақсатқызының экс-жұбайы жазасын жеңілдетуді сұрады

0
893

Бақытбек Есентаев қазіргі таңда Қапшағай іргесіндегі Заречный ауылындағы қатаң режимдегі ерлер колониясында отыр.


Баян Мақсатқызының экс-жұбайы жазасын жеңілдетуді сұрады

ERNUR.KZ. Танымал қазақстандық продюсер Баян Мақсатқызының бұрынғы күйеуі Бақытбек Есентаев соттан жазасын жеңілдетуді сұрады, деп жазады Stan.kz.

Бақытбек Есентаев қазіргі таңда Қапшағай іргесіндегі Заречный ауылындағы қатаң режимдегі ерлер колониясында отыр. Бұл – ауыр және аса ауыр қылмыс жасаған қылмыскерлер жазасын өтеп жатқан ең жоғары қауіпсіздік мекемесі. Ал таяуда ғана, Баян Мақсатқызының бұрынғы күйеуі осыдан екі жыл бұрын жазасын жеңілдетуді сұрағаны белгілі болды.

"2020 жылы сотталушы Бақытбек Есентаев Қылмыстық кодекстің 6-бабын қолдану туралы, яғни "сотталған адамның жағдайын жақсартатын жеңілдетілген жаза қолдану туралы" өтініш берді. Алайда, сол жылдың 6 сәуірінде Қапшағай қалалық соты бұл өтінішті қанағаттандырудан бас тартты", - деп хабарлады Алматы облыстық сотында.

Бақытбек Есентаев өзін орташа немесе ең төменгі қауіпсіздік мекемесіне ауыстыруды сұраған.

Бұған дейін БАҚ Есентаев колонияда қарапайым өмір салтын ұстанып, түрме режимін бұзбайды, сонымен қатар өзі және мекемедегі өмірі туралы қандай-да бір ақпарат беруден бас тартады деп жазды.

Айта кетейік, Бақытбек Есентаев шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішті осы жылдың 10 маусымынан кейін бере алады.