Бейнеуде полиция қызметкерін балағаттаған әйел жазаланды

0
994

Ол 40 сағатқа қоғамдық жұмысқа тартылды.


Бейнеуде полиция қызметкерін балағаттаған әйел жазаланды

ERNUR.KZ. Бейнеуде полиция қызметкерін балағаттаған әйел жазаланды, деп жазады Tengrinews.kz.

"Әйел өз үйінің ауласында мас күйде болып, өзін дұрыс ұстамағаны анықталды. Көршілері полиция шақырған. Тәртіп сақшылары келген кезде ол олардың біріне қарсылық білдіріп, талаптарын елемей, балағат сөздер айтқан. А. үстінен хаттама толтырылды", - делінген хабарламада.

Сот әйелді Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 378-бабы 1-бөлігі (Билік өкiлiн өз қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде немесе оларды атқаруына байланысты қорлау) бойынша кінәлі деп таныды. Ол 40 сағатқа қоғамдық жұмысқа тартылды.