Бейсен Құранбектің бейнесі Талдықорғандағы көпқабатты үйдің қабырғасына салынып жатыр

0
1 027

Көрерменнің сүйіктісіне айналып, әр қазақтың жүрегіне мейірім ұялата білген журналистің бейнесін Алматы облыстық Ішкі саясат басқармасы салдыртып жатыр.


Бейсен Құранбектің бейнесі Талдықорғандағы көпқабатты үйдің қабырғасына салынып жатыр

ERNUR.KZ. Танымал журналист Бейсен Құранбектің бейнесі Талдықорғандағы көпқабатты үйдің қабырғасына салынып жатыр, деп жазады ҚазАқпарат.

«Құдай қаласа «Жетісу« арнасының қапталындағы үйдің іргесінде Бейсен достың бейнесі жымиып тұратын болады!», - деп жазды Алматы облыстық «Жетісу» телеарнасының директоры Серік Әбікенұлы.

Көрерменнің сүйіктісіне айналып, әр қазақтың жүрегіне мейірім ұялата білген журналистің бейнесін Алматы облыстық Ішкі саясат басқармасы салдыртып жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, 18 мамырда 49 жастағы танымал журналист Бейсен Құранбек өмірден озды.