Бензин экспортына салынған тыйым тағы жарты жылға ұзартылды

0
562

Жанар-жағармай ішкі нарыққа, оның ішінде егіс науқанының басталуына байланысты қажет.


Бензин экспортына салынған тыйым тағы жарты жылға ұзартылды

ERNUR.KZ. Энергетика министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қаржы министрлігі және Ішкі істер министрлігінің "Мұнай өнімдерін Қазақстан Республикасының аумағынан әкетудің кейбір мәселелері туралы" бірлескен бұйрығында Қазақстаннан бензин, дизель отыны және кейбір мұнай өнімдерін экспорттауға салынған тыйым алты айға ұзартылды, деп жазады sputnik.kz.

Тыйым 29 наурыздан бастап 6 ай мерзімге енгізіледі және ол ЕАЭО елдеріне автомобиль көлігімен әкетуге де қатысты, делінген құжатта.
Ол бензин, дизель отыны және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін (ЕАЭО HS 2709 00, 2710, 2902, 3403, 3811, 3826 00) қамтиды.
Тізімге енбеген мұнай өнімдері:
  • майлайтын майлар,
  • автокөлік өндіруші зауыт бекіткен бензин бактарындағы жанар-жағармай,
  • Қазақстан үкіметінің шешімі бойынша гуманитарлық көмек шеңберінде экспортталатын мұнай өнімдерінің жекелеген түрлері;
  • ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге арналған авиациялық отын.
Алдыңғы құжатта тыйым салу мерзімі осы жылдың ақпан айына дейін ұзартылған болатын.