Бес адам көз жұмды: Алматы облысында болған апаттың мән-жайы

0
370

Алдын ала мәлімет бойынша "Mercedes-Benz" көлігінің 50 жастағы жүргізушісі Алматы – Бішкек жолымен шығыс бағытта жүріп бара жатқан.


Бес адам көз жұмды: Алматы облысында болған апаттың мән-жайы

ERNUR.KZ. Алматы – Бішкек тасжолында екі жеңіл көлік соқтығысып, бес адам қаза болды, деп жазады sputnik.kz.

Апат болған жерде түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады. Ол жерде апатқа ұшыраған көлік пен зардап шеккендер көрсетілген.

Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі "Мерседес" пен "Ауди" маркалы автокөлігі соқтығысқанын растады. Оқиға орнында "Ауди" көлігінің жүргізушісі мен 4 жолаушысы қаза болды.

"Оқиға 9 тамызда Жамбыл ауданында сағат 20:30 шамасында болған. Алдын ала мәлімет бойынша "Mercedes-Benz" көлігінің 50 жастағы жүргізушісі Алматы – Бішкек автожолымен шығыс бағытта келе жатқан. Жол үстінде бұрылған "Scania" жүк көлігімен соқтығыспау үшін ер адам қарсы қозғалыс жолағына шығып, "Audi" автокөлігімен соқтығысты. Оқиға орнында бес адам көз жұмды, ішінде кәмелетке толмаған қыз бар", - деп хабарлады облыстың полициясы.

Сараптама тағайындалып, іс қылмыстық кодекстің 345-бабының 4-бөлігі ("Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан көлiк басқаратын адамның жол жүрісі немесе көлiкті пайдалану қағидаларын бұзуы") бойынша жүргізіледі.