Күйеуімен 2016 жылы ажырасқан.
ERNUR.KZ. Қостанай облысындағы жас мұғалім оның бұрынғы күйеуі аңдып, бетіне қышқыл шашып жіберетінін айтып қорқытатынын мәлімдеді, - деп жазады Tengrinews.kz.
Жас мұғалімнің үндеуі "НеМолчи" қорының Facebook желісіндегі парақшасында жарияланған. Әйел адам бұрынғы күйеуі үнемі тиісетінін айтып, шағымданған.
"Менің барар жерім жоқ, бірақ мына жерде өмір сүре алмаймын. Ол менің бетіме қышқыл шашып жіберетінін айтып, қоқан-лоқы көрсетеді. Қарабалық аулында ешкім менің сөзіме құлақ аспайды. Өтінемін, маған көмектесіңіздерші. Балам шошып қалған, менің де, оның да психикасы бұзылды", - дейді мұғалім.
Оның айтуынша, бұл бірінші жыл болып жатқан жайт емес.
"Мен күйеуіммен 2016 жылы ажырасқанмын. Ол мені ұратын. Полицияға шағымданған кезде оның әпкесі мені үйіне шақырып, мені жұмыстан шығаратынын, "Дипломмен ауылға ауылға" бағдарламасы арқылы алған пәтерімді тартып алатынын айтты. Оның әпкесі - газеттің редакторы, бұл жақта онымен ешкім байланысқысы келмейді. Мен өтінішімді қайтарып алдым. Осы уақытқа дейін ол мені аңдумен келеді. Мектепке барып, сотқа шағымданып жүрді. Қарабалық орта мектебінің директоры оның басына ешқандай мәселе керек емес екенін айтты, сөйтіп жұмыстан шығып, көрші ауданнан жұмыс іздеуіме тура келді. Баламен барып жүру қиын, ол жерден пәтер сатып алатын жағдайым жоқ. Осы жылы қайтадан Қарабалыққа қайтып, басқа мектепке орналасқым келеді, бірақ ол сол жерде де артымнан қалмайды деп қорқамын. Бүгін бес минут уақыт таптым. Ол алты жасар қызымды үйде қалдырып, полиция шақырғанымда аңдып тұрды. Қызымды тартып алатынын айтып, қорқытты. Менің ата-анам жоқ, ол осы жағдайды және әпкесін пайдаланып отыр", - дейді келіншек.
Ішкі істер министрлігі аталған жайтқа түсініктеме берді.
"Істі Қарабалық ауданының полиция бөлімі тіркеді. Әйел адамның айтқан деректері бойынша тексеріс жүргізіледі, нәтижесі қосымша хабарланады. Сондай-ақ, екеуінің арасындағы жанжал ауданның қамқоршылық органдарының назарында. Қостанай облысының полиция департаменті бұл жағдайды бақылауларына алды. Соңғы жылдары экс-жұбайлар бір-бірінің атына бірнеше рет шағым түсірген. Осыған байланысты олар бойынша қабылданған шешімдердің заңдылығын тексеру тағайындалды", - дейді министрлік өкілдері.