Мамырдан бастап жедел жәрдем қызметі мен мобильді бригадалар екіге бөлініп жұмыс істейді

0
160

600 мобильдік бригада жұмысқа кірісуге дайын тұр.


Мамырдан бастап жедел жәрдем қызметі мен мобильді бригадалар екіге бөлініп жұмыс істейді

Фото: inbusiness.kz

ERNUR.KZ. Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында 1 мамырдан бастап жедел жәрдем қызметінің жаңа жұмыс тәртібі қалай ұйымдастырылатынын түсіндірді, деп жазады inbusiness.kz.

"103" қоңырауының жұмыс тәртібі жедел қызметті қажет ететін азаматтар үшін ешқандай өзгермейді. Түнгі уақытта (сағат 20.00-ден сағаты 8.00-ге дейін – ред.) тек қана жедел жәрдем қызметі бүкіл қоңырауларға 100 пайыз жауап беріп, тиісті көмек көрсетеді. Бүгінде 1 мамырға дейін емханалар тарапынан жәрдем қызметін көрсететін бригадалар болған. Алайда бұл бригадалар барлық емханада бар деуге келмейтін. Көбінесе аутсорсингке беру арқылы бұйрықты орындап жүрді. Бұл жедел жәрдем қызметіне үлкен салмақ түсірді. Яғни, өзінің қызметімен бірге емхананың қызметін де атқарып жүрді. Салдарынан жедел жәрдемнің кешігуі жиіледі. Осыған байланысты күндізгі уақытта (сағат 8.00-ден 20.00-ге дейін – ред.) 4 санатқа жататын тұрғындардан (созылмалы ауруы бар науқастар, дене қызуы көтерілгендер, жүкті әйелдер мен жас босанған аналар, т.б. – ред.) түскен шақыртуларға емханалар өздері баруы керек. Сағат 20.00-ден кейін бүкіл қоңырауды жедел жәрдем атқарады", – деді ол.

Министр айтып отырған мобильдік бригадалар "35 мың тұрғынға 1 топ" қағдатымен жасақталатын. 1 мамырндан бастап бұл норма 25 мың тұрғынға дейін азайтылмақ. Яғни, 20 млн халыққа кемінде 800 мобильдік бригада қажет деген сөз.

– 1 мамырдан бастап емханалардың жанындағы 600 мобильдік бригада жұмысқа кірісуге дайын тұр. Қалған 200 бригада аутсорсинг аясындағы келісімшарт бойынша жұмысқа кіріседі. Олармен тиісті келісімшарттар бекітілген, – деді министр.