Қара бетперде таққан жұмбақ жігіт біраз уақыттан бері жарлы адамдарға көмек көрсетіп келеді.
ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде бетперде киіп, халыққа көмек жасап аты шыққан бетперделі жігіn су тасқынынан зардап шеккен халыққа 450 млн теңге аударды, деп жазады ulysmedia.kz.
Әлемжелідегі үндеу
Бетперде киген жігіт желідегі үндеуінде ел ең ауқымды көктемгі су тасқынына тап болып, 10 өңірде төтенше жағдай жарияланғанын, дәл қазіргі таңда 108 мың адам эвуакацияланғанын айтады. 5000-нан астам үй судың астында қалып, 8000-нан үй жануары қырылғанын атап өтеді.
– Қазіргі таңда су тасқынының екінші толқынына дайындалып жатырмыз. Осыған байланысты зардап шеккендерге 1 миллион доллар аударамыз. Бұл 450 миллион теңге. Еріктілерге, гуманитарлық көмек көрсетіп жатқан азаматтарға алғыс білдіреміз. Бірігіп, бұл қиындықты жеңеміз, - дейді бетперде киген жігіт.
Белгісіз жанның жақсылығы
Қара бетперде таққан жұмбақ жігіт біраз уақыттан бері жарлы адамдарға көмек көрсетіп келеді. Ол бірде алты баласы бар жалғызбасты әйелге баспананың кілтін сыйлаған. Тағы бірде жұмбақ жігіт жертөледе тұрып жатқан анаға баспана алып берді.