Бибігүл Асылова 2022 жылы 11 наурызда білім және ғылым вице-министрі қызметінен босатылған болатын.
ERNUR.KZ. Бибігүл Асылова премьер-министрдің әлеуметтік блок бойынша кеңесшісі болып тағайындалды, - деп жазады Tengrinews.kz.
"Қазақстан премьер-министрінің өкімі бойынша, Бибігүл Амангелдіқызы Асылова Қазақстан Республикасы премьер-министрінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.
Бибігүл Асылова 2022 жылы 11 наурызда білім және ғылым вице-министрі қызметінен босатылған болатын.
Бибігүл Асылова 1975 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Ақмола қаржы-экономикалық техникумын, Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірген. Еңбек жолын 1993 жылы Көкшетау облыстық қаржы басқармасының бюджет бөлімінің жоспарлау, білім беруді және мәдениетті қаржыландыру бөлімінің маманы қызметінен бастаған.
1994-1998 жылдары - Көкшетау және Петропавл қалаларының мемлекеттік органдарында маман болып жұмыс істеген.
1998-2016 жылдары - ҚР Қаржы министрлігінің, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің, Мәдениет министрлігінің, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің құрылымдарында жұмыс істеген. 2016 жылғы маусымнан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР білім және ғылым вице-министрі қызметін атқарған.