Бие сүтінен майонез жасалады

0
2 658

Бие сүтінен жасалған тұздықтың дәмін татып па едіңіз?


Бие сүтінен майонез жасалады

Еліміздегі тамақ өнеркәсібінің алпауыты жаңа жыл қарсаңында жаңа өнім ұсынып отыр. Қазақтың саумалы араласқан майонез, дүкен сөрелеріне сатылымға шығып та үлгерді. Технологтардың айтуынша, ана сүтімен пара-пар бие сүтінің барлық пайдалы дәрумендері сақталған, деп хабарлайды ERNUR.KZ Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Саумал және майонез. Дәстүрлі һәм заманауи ұғымдар. Екеуі ұтымды қосылып, ұлттық дәстүрдің дәмі ретінде бір өнімге айналды. Енді Мерекелік провансальда бие сүтіндегі дертке дәру болатын 40 компоненттің бәрі бар.

«Бұл өнімді өндіруге бізге бір жылдай уақыт жұмсалған болатын. Бие сүті дәрумендерге, ферменттерге, аминқышқылдарына және тағы да басқа компоненттерге бай. Осыған байланысты бастапқа күйін сақтаған шикізат көзін табу бізге мақсат болды», - дейді технолог Мадина Кәметбекова.

Сублимациялық кептіру инновациялық технологиясы бие сүтінің құрамындағы аминқышқылдарды, дәрумендерді, микроэлементтерді сол күйінде сақтап қалады. Ал майонезді ыстықтай құю тағамның қауіпсіздігін қамтамасыз етеді әрі өнімді ұзақ мерзімге дейін қоспаларсыз сақтауға мүмкіндік береді. Еуразиан фудс корпорейшн қызметкерлерінің айтуынша, мұндай технология өндірушілерге қымбат болған соң, басым бөлігі басқа әдіспен жасайды. Ал бұл компания үшін басты талап -сапа.

«Еуразиан фудс корпорейшн өнімдерінің сапасы мен ерекше дәмін қазақстандық тұтынушылар жоғары бағалайды. Бірнеше жылдан бері тауарларымызға алыс жақын шетелдерден де сұраныс көп. Ресей, Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан сияқты оннан аса мемлекетке экспорттаймыз.Соңғы он жылдың ішінде өндіріске құйылған инвестиция көлемі 80,5 млн доллардан асады. Өткен жылдың қорытындысы бойынша бас аяғы 140 мың тонна тауар өндірілген», - дейді «Eurasian foods corporation» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Иван Колесников.

Алғашқы өнімін 1962 жылы шығарған Еуразиан фудс корпорэйшн жарты ғасырдан бері өндіріс көлемін артырып келеді. Компанияның әр мерекеде, әр дастарханнан табылатын тұздық, қыша, кетчуптарына енді қазақи нақыштағы қаптамамен мерекелік провансаль да қосылды. Саумалды сағынсаңыз, дәмін татыңыз!