Бір апта бұрын жоғалған БҚО тұрғынының денесі өзеннен табылды

0
904

46 жастағы ер адам 25 қарашада үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған.


Бір апта бұрын жоғалған БҚО тұрғынының денесі өзеннен табылды

ERNUR.KZ. Батыс Қазақстан облысында жоғалған ер адамның денесі өзеннен табылды, деп жазады ҚазАқпарат.

БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға Қазталов ауданы Жалпақтал ауылында болды.

Жедел құтқару жасағы (3 қызметкер, 1 жүзу құралы, 1 техника) 30 қараша күні сағат 18.16-дан бастап 46 жастағы ер адамды Қараөзеннен іздестіру жұмыстарын жүргізді.

Ол 25 қарашада үйінен белгісіз бағытта шығып кетіп, содан оралмаған.

Сағат 19.05-те аталған ер адамның денесі табылып, судан шығарылды.