Бір апта ішінде қанттың тоннасы 20 мың теңгеге қымбаттады

0
851

​22 қазанда оның тоннасы 295 мың теңге болатын.


Бір апта ішінде қанттың тоннасы 20 мың теңгеге қымбаттады

ERNUR.KZ. 28 қазанда Еуразиялық сауда жүйесі биржасында қант сату бойынша екі мәміле жасалды, деп жазады inbusiness.kz.

Бірінші жағдайда Қарағанды стансасынан 68 тонна өнім сатылды. 1 тоннаның бағасы 310 мың теңгені құрады (ҚҚС-пен), бүкіл партия үшін сатып алушы 21 млн 80 мың теңге төледі.

Екінші лот 136 тонна Петропавл стансасынан 1 тоннасы 315 мың теңгеден сатылды.

Сатып алушы барлық көлемге 42 млн 840 мың теңге төлеген. Айта кетейік, 22 қазанда ETS аукционында Петропавлда қант тоннасына 295 мың теңгеден саудаланды. Осылайша бір аптада қанттың тоннасы 20 мың теңгеге қымбаттады.