Бір минут бойы көрген: Өскемендегі мектептердің бірінде сабақ кезінде порно қосылып кетті

0
4 311

Сынып жетекші мұндай оқиғалар үшін дәл сол уақытта сабақ өткізген мұғалім жауапты екенін айтты.


Бір минут бойы көрген: Өскемендегі мектептердің бірінде сабақ кезінде порно қосылып кетті
ERNUR.KZ. Өскемендегі мектептердің бірінде қашықтан өтіп жатқан сабақты тоқтатуға тура келді. Себебі белгісіз біреулер сабақ уақытында порнофильм қосып жіберген. Жағымсыз жағдайға оқушылардың бірінің анасы куә болған, деп жазады Stan.kz.

Әйел баласы оқитын мектепте онлайн оқыту бір тәртіп бойынша өтетінін айтты.


"Әр пән бойынша WhatsApp-та топ бар. Оның қатысушылары сынып оқушылары және пән мұғалімі. Яғни, онда бөтен адамдар жоқ. Мұғалімдер бұл топқа ZOOM -дағы жабық эфирге сілтемелер жібереді", - деп түсіндірді оқушының анасы.


Бұл жолы да мұғалім әдеттегідей оқушыларға сілтеме жіберді. Балалар "кабинетке" кіре бастады. Трансляцияға келушілердің арасында қыздың атымен кігрген тағы бір аккаунт пайда болды.

"Сабақ барысында балалар неліктен топта аты бірдей екі қолданушы бар? деп сұрады.


"Яғни, күдік бірден пайда болды. Бірақ бұған дейін мұғалім мұндай жағдайға тап болмағандықтан, ол бірнеше рет артық адамның шығуды сұрап, сабақты жалғастырды. Балалар бір нәрсе талқылап, көрсетіп жатты. Содан кейін мұғалім екі аккаунтта отыр деп көрсетілген қызға қарата сөйледі. Содан кейін бүкіл экранда ыңғайсыз кадрлар көрсетілді", - деп еске алады куәгер.


Әйел "18+" санатындағы бейне оны мүлдем ыңғайсыз жағдайға қалдырғанын айтады. Ол өзін қалай ұстау керектігін білмеген және өз баласын экраннан шеттетуге мүмкіндігі болмай қалған.


"Мен қобалжып кеттім, біраз уақыт не істеу керектігін де түсінбедім. Мұғалім де дәл осындай жағдайға түскен болар. Ол не болып жатқанын бірдентүсінбеді, содан соң эфирді үзді. Бірақ видео бір минутқа созылды және балалар оны көрді", - дейді ата-ана.


Кейінірек ата-аналар чатында балалардың көпшілігі тіпті ересектерге сабақта жайсыз видео көрсетілгенін айтпағаны анықталған.

Облыс орталығының тұрғыны баласы оқитын мектепке жүгінді. Әйелдің айтуынша, сынып жетекшісі оқу орнындағы жағымсыз жағдайды назардан тыс қалдырмауға уәде берген. Бұл ретте оқытушы бұл жағдайға оқушылардың өздерінің қатысы бар екенін айтты. Не олар белгісіз біреуге сілтемені жіберген не өздері ұйымдастырған, дейді.

Сондай-ақ, сынып жетекші мұндай оқиғалар үшін дәл сол уақытта сабақ өткізген мұғалім жауапты екенін айтты.