Бір топ өзбек азаматы қазақстандық полицейлермен ерегісіп қалды (видео)

0
15 831

ERNUR.KZ. Facebook әлеуметтік желісіндегі Uzbek Video деген парақшада қазақстандық полицейлер мен бір топ өзбек жігіттерінің арасында орын алған оқиғаның видеосы жария етілді. «Қазақстанның жол патрулі өзбек көлік жүргізушісін қалай ұстады?» деген атаумен таралған видеода көлігі лайға малынған жігіттер алдымен полицейлердің жұмысына кедергі келтірмек болады.


Бір топ өзбек азаматы қазақстандық полицейлермен ерегісіп қалды  (видео)

ERNUR.KZ. Facebook әлеуметтік желісіндегі Uzbek Video деген парақшада қазақстандық полицейлер мен бір топ өзбек жігіттерінің арасында орын алған оқиғаның видеосы жария етілді.

«Қазақстанның жол патрулі өзбек көлік жүргізушісін қалай ұстады?» деген атаумен таралған видеода көлігі лайға малынған жігіттер алдымен полицейлердің жұмысына кедергі келтірмек болады. «Кедергі келтірме дедім» деп ескерту жасаған полицей көлік жүргізушісі көнбеген соң көкірегінен итереді. Бұл сәтте өзбек азаматы ашуға булығып, «Ұрмашы, е» деп жауап қатады. Жағдайдан ұққанымыздай, тәртіп сақшылары ереже бұзған жүргізуші көлігінің мемлекеттік нөмірін алмақ болған. Кейін жүргізушінің өзі мемлекеттік нөмірді шешіп, қашып кетуге талпынады. Осы сәтте полицейлер күш қолдануға тура келген. Көліктегілердің бірін полицейлер патрульдік көлікке отырғызыпалады. Бұл сәтті видеоға түсіріп тұрған тағы бір өзбек азаматы «Түс деймін көліктен. Түс... Бұлармен басқаша сөйлесеміз» деп қоқан-лоққы көрсетеді. Айтпақшы, видеода оқиға орнында болған тағы бір өзбек азаматы тәртіп сақшыларына дұрыс жасап жатқан жоқсыңдар деп ақыл айтады.

Желіде әп-сәтте тарап кеткен видеоны көргендердің бірі тәртіп сақшыларын жақтап, олардың заңға сай әрекет еткенін алға тартып отыр. «Полицейлер жарады», «Тәртіпке бағыну керек еді. Сол кезде жерде жатпас едің» деген пікір қалдырушылардың бірі өзбек азаматтарының әрекетін қолдап, тәртіп сақшылары пара алады деп айып тақты. Видеодан байқағанымыздай, жол патрульдік полициясының көлігі Атырау облысына тиесілі. Соған қарағанда бұл оқиға Атырау маңында орын алған болуы керек.

Видео: желіден алынды