​Бірде-бір министр, депутат, әкім марапатсыз қалмаған - Президент

0
1 070

Президент жыл соңында, яғни, желтоқсан айында министр, депутат, әкімдердің омырауы түрлі наградаға толатынын айтты.


​Бірде-бір министр, депутат, әкім марапатсыз қалмаған - Президент

ERNUR.KZ. Талдықорғандағы Салтанат сарайында Жетісу жұртшылығымен кездескен Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұстаздар мен дәрігерлерді мемлекеттік марапаттан тыс қалдырмауға шақырды, деп жазады ҚазАқпарат.

Президент жәрдемақыға күн көріп, еңбектенгісі келмейтіндерді анықтауды тапсырды Қасым-Жомарт Тоқаев «Бизнеске арналған Үкімет» жобасымен танысты Президент жыл соңында, яғни, желтоқсан айында министр, депутат, әкімдердің омырауы түрлі наградаға толатынын айтты.

«Бірде-бір министр, депутат, әкім наградасыз қалмаған. Барлығында орден бар. Әр бес жыл сайын олар орден алады. Мен түсіне алмаймын. Ал жүз мыңдаған ұстаздар, дәрігерлер, журналистер, жұмысшылар мемлекет тарапынан марапатсыз қалып жатады. Олар басқалардан аз еңбектеніп жүрген жоқ қой. Сондықтан, олар да назардан тыс қалмауы керек», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.