Бірнеше өңірде лауазымды тұлғалар ұсталды

0
600

Барлық қамауға алу дерегі ауыл шаруашылығы субсидияларын жымқыруға байланысты.


Бірнеше өңірде лауазымды тұлғалар ұсталды

ERNUR.KZ. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ауыл шаруашылығы саласында жедел-тергеу іс-шараларын жүргізді. Бұл ақпаратты ведомство растады, деп жазады Tengrinews.kz.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мәліметінше, Нұр-Сұлтан, Шымкент, Түркістан, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Ақмола және Ақтөбе облыстарында жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.

"Барлық қамауға алу дерегі ауыл шаруашылығы субсидияларын жымқыруға байланысты", - делінген хабарламада.