Бишімбаев бірнеше жыл бойы психологқа барып жүргенін айтты

0
476

Экс-министр психологқа бизнес пен жеке дамуы үшін барғанын айтады.


Бишімбаев бірнеше жыл бойы психологқа барып жүргенін айтты

ERNUR.KZ. Бүгін сот отырысында экс-министр Қуандық Бишімбаев бірнеше жылдан бері психологқа барғанын айтып берді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Зардап шегуші тараптың, яғни, марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелдінің адвокаты бүгінгі сот отырысында Қуандық Бишімбаевқа психологқа қатысты бірнеше сұрақ қойдық.

"Сіздің берген жауаптарыңызға сүйене отырып, айтыңызшы, Салтанат екеуіңіздің қайсыларыңыз психологтың көмегіне көбірек мұқтаж едіңіздер?" деп сұрады адвокат.

"Менің психологқа баратын өз мотивтерім болды. Мен психологқа бірнеше жыл бардым. Бизнеске де, ішкі дамуыма да байланысты мәселелеріммен баратынмын. Ол тек психологиямен ғана байланысты емес", - деді Қуандық Бишімбаев.

Бишімбаевтың айтуынша, Салтанат психологқа 3-4 рет барып, тастап кеткен.

"Бірақ Салтанат 3-4 рет барады да тастап кетеді. Ол проблеманың тез шешілгенін қалайтын. Бірақ, ол тез шешілмейді, бірнеше сеансқа бару керек", - деп жауап берді Бишімбаев.