Бақытжан Байжанов қылмысты жасыру бабы бойынша 4 жылға сотталған.
ERNUR.KZ. Салтанат Нүкенованың өлімі бойынша 4 жылға сотталған Бақытжан Байжанов үкіміне қатысты шағым түсірмейтін болды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
«Бақытжан Байжанов 2024 жылдың 26 тамызында сот шешімдерін қайта қарау туралы өзінің кассациялық шағымын қайтарып алды. Осыған байланысты алдын ала тыңдау өтпейді. Шағымды қайтып алу туралы қаулы 2024 жылдың 4 қыркүйегінде шығады», - деп хабарлады Жоғарғы сот.
Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылдың 9 қарашасында экс-министр Қуандық Бишімбаев азаматтық некедегі әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірген. Сол күні оның жанында жүрген туысы Бақытжан Байжанов қылмысты жасыру бабы бойынша 4 жылға сотталған. Бишімбаевтың өзі 25 жыл түрмеде отырады.