Сонымен қатар 11-сыныпта оқитындардың саны да рекордтық көрсеткішке жетті.
ERNUR.KZ. Жаңа 2024-2025 оқу жылында 351 176 бала 1-сыныпқа қабылданды, деп хабарлады оқу-ағарту министрлігі.
Оның 70 пайызға жуығы мемлекеттік тілде оқитынын айтқан.
Бірінші сыныпқа баратын оқушылардың ең көп саны Түркістан облысында (44 мыңнан астам), Алматы облысында (34 мың), Астана қаласында (26 мыңнан астам) тіркелген.
"2024-2025 оқу жылында 7 859 мектепте 3,9 миллионнан астам қазақстандық бала білім алады. Сонымен қатар 11-сыныпта оқитындардың саны да рекордтық көрсеткішке жетті – 219 мыңнан астам бала", - деп жазылған ведомство хабарламасында.
Жалпы жаңа оқу жылында 1-сыныпқа 369 мың бала қабылданады деп болжануда.