Биыл 3,7 млн га алқапқа аса қауіпті организмдер таралуы мүмкін - министрлік

0
1 064

Оның ішінде астық дақылдарының аурулары 1,4 мың гектарды зақымдауы мүмкін.


Биыл 3,7 млн га алқапқа аса қауіпті организмдер таралуы мүмкін - министрлік

ERNUR.KZ. 2020 жылы «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» РММ деректері бойынша Қазақстанда аса қауіпті зиянды организмдердің 3,7 млн гектар алқапта таралуы болжанып отыр, деп жазады Елорда Инфо.

Оның ішінде астық дақылдарының аурулары 1,4 мың гектарда, үйірлі шегіртке зиянкестері 553 мың га, астықтың сұр көбелегі 652 мың га, гессен шыбыны, зиянды бақашық, астық қоңызы, мақта көбелегі, өрмекші кене, колорадо қоңызы және тышқан тәріздес кеміргіштер 142,4 мың га жерді зақымдауы мүмкін.
«2019 жылы ерекше қауіпті зиянды организмдерге және карантинді объектілерге қарсы карантиндік және фитосанитарлық іс-шараларды жүргізу жөніндегі мемлекет пен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері арасындағы жауапкершілікті белгілеуді көздейтін ҚР өсімдіктерді қорғау және өсімдіктер карантині, агроөнеркәсіптік кешен мен ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу салаларындағы заңнамаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізілген болатын», деп көрсетті баспасөз қызметі.
Бұл өзгерістер АШТӨ-ге қажетті кез келген пестицидті таңдау және сатып алу еркіндігін береді. Енді шаруалар дәрі-дәрмектерді және егістіктерді өңдеу бойынша қызметтерді мемлекеттік сатып алуды өткізу мерзімдеріне тәуелді болмайды.
Сондай-ақ, жаңа заңмен өз аумағындағы аса қауіпті зиянды организмдер мен карантиндік объектілермен күресу үшін АШТӨ өз бетінше сатып алатын пестицидтердің құнын 50%-ға дейін арзандату көзделген.