Биыл Қазақстанда әскери парад тағы да өтпейді

0
444

Қорғаныс министрлігі бюджет қаржысын үнемдеу үшін осындай шешім қабылдаған.


Биыл Қазақстанда әскери парад тағы да өтпейді

ERNUR.KZ. Қазақстанның қорғаныс министрлігі биыл Жеңіс күніне орай әскери парад өтпейтінін мәлімдеді, деп жазады sputnik.kz.

"Бюджет қаржысын үнемдеу мақсатында, сондай-ақ басқа да міндеттерді шешу қажеттілігіне байланысты 2023 жылы Қазақстанда әскери парад өткізу жоспарланып отырған жоқ. Атап айтқанда, Қазақстан Қарулы күштері бөлімшелерінің жауынгерлік әзірлігі мен ұтқырлығының қажетті деңгейін қолдауға басымдық беріледі", - делінген қорғаныс министрлігінің хабарламасында.
Әскери парад өтпесе де, ерекше көзге түскен әскери қызметшілерге құрмет көрсету, майданда қаза тапқан батырлар мен олардың ерлігін еске алу секілді түрлі әскери-патриоттық шаралар жоспарланып отыр.
7 және 9 мамырға жоспарланған өзге де іс-шаралар туралы ақпарат жақын арада қорғаныс министрлігінің сайтында жарияланады.
Айта кетері, Қазастанда әскери парад соңғы рет 2018 жылы өткен болатын.