Биыл Конго-Қырым безгегінен 5 адам қайтыс болған

0
478

Сәуірден бастап елімізде Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының 33 жағдайы тіркелді.


Биыл Конго-Қырым безгегінен 5 адам қайтыс болған

ERNUR.KZ. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп жазады inbusiness.kz.

Бас санитариялық дәрігердің сөзінше, 13 жағдай Түркістан облысында тіркелген. Тағы 11 жағдай Қызылорда облысында, жетеуі Жамбыл облысында, ал Ақтөбе облысында және Шымкентте бір жағдайдан анықталған.

“16 жағдайда адамдарды кене шаққан, 10 жағдайда жануарларды күтумен байланысты болса, 1 жағдайда науқас эндемиялық аймақтарда табиғатта болды. Бүгінде 5 науқас көз жұмды. Оның ішінде Қызылорда облысында 3 адам, Жамбыл, Түркістан облыстарында 1 жағдайдан тіркелді. Тағы 3 науқас ем алуда, қалған науқас жазылып шықты”, - деп толықтырды спикер.

Айжан Есмағамбетованың сөзінше, елдің 4 өңірінде – Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстары мен Шымкент қаласының аумағында Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының табиғи ошақтары бар.