Биыл салықтық рақымшылық болмайды – Жанәлінов

0
630

Келесі жылға да мұндай іс-шара жоспарланбаған.


Биыл салықтық рақымшылық болмайды – Жанәлінов

ERNUR.KZ. ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Данияр Жанәлінов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте салықтық рақымшылық туралы айтты, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Данияр Жанәлінов рақымшылық жасау МКК-нің тиісті органы орындайтын жыл сайынғы міндет емес екенін мәлімдеді.

«Ол үшін тиісті тапсырма қабылданады, оны Үкімет деңгейінде не Мемлекет басшысы шешуі тиіс, оған сүйене отырып, тиісті рақымшылық жасалады. Өткен рақымшылық өз нәтижелерін берді. Биыл бізде рақымшылық жасау жоспарланып отырған жоқ», - деді ол.

Оның айтуынша, келесі жылға да мұндай жоспарлар жоқ.

«Бүгінгі таңда жоспарда мұндай мәселе әлі тұрған жоқ, мүмкін кейіннен қандай да бір сұрақтар туындауы мүмкін. Сонымен қатар, 2023 жылы біз жаңа Салық кодексін әзірлейміз, онда салық төлеушілерге берілетін жеңілдіктерге қатысты мәселені көтереміз. Бірақ рақымшылық бұл бір реттік акция болуы керек, оны жыл сайын қабылдап, жыл сайын қандай да бір ағымға қою дұрыс емес», - деді Данияр Жанәлінов.