Биылғы тұмау балалар үшін қауіпті - дәрігерлер

0
720

Кішкентай пациенттер вирустың кесірінен құлақ және мұрын ауруларына тап болды.


Биылғы тұмау балалар үшін қауіпті - дәрігерлер

ERNUR.KZ. Ақтөбе дәрігерлері қазіргі тұмаудың зардаптарынан қорқады. Аймақта сырқаттанушылық деңгейі төмендесе де, дәрігерлер ең алдымен балаларды вирустан қорғауды ұсынады, деп жазады stan.kz.

Биылғы тұмау әлдеқайда қауіпті.

Қазір станционарда тұмау және ЖРВИ-мен 64 адам жатыр. Соның 54-і балалар. Кішкентай пациенттер вирустың кесірінен құлақ және мұрын ауруларына тап болды. Дәрігерлер өз бетімен емделуге емес, мамандарға жүгінуге кеңес береді. Аймақта тұмаудан басқа коронавирус инфекциясы да таралуда. Қазір ковидпен ауыратын сегіз жүкті әйел ауруханаларда емделуде. 55 адам бақылауда.

“Был тұмау асқынулармен өтеді. Ең алдымен отит, яғни құлақтың қабынуы болады. Гайморит және синусит болады. Биылғы тұмау белгілерінің ерекшелігі осында”, – деді Ақтөбе облысы денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары Бекболат Ізбасаров.