БҚО-да 15 жастағы жасөспірім оқ жарақатын алды

0
484

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы оқ жасөспірімнің қарын тұсына тигенін мәлімдеді.


БҚО-да 15 жастағы жасөспірім оқ жарақатын алды

ERNUR.KZ. Батыс Қазақстан облысында 15 жастағы жасөспірім оқ жарақатын алып, облыстық ауруханаға жеткізілді, деп жазады tengrinews.kz.

Басылым мәліметінше, оқиға 4 қазанда Бөкейорда ауданы Ханордасы ауылында болған.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы оқ жасөспірімнің қарын тұсына тигенін мәлімдеді.
"Қазіргі таңда оның денсаулық жағдайы ауыр, бірақ қалыпты. Санавиациямен облыс орталығына жеткізілді, қасында балалар реаниматологы бар. Қазіргі таңда облыстық көпсалалы ауруханада жатыр. Жағдай тұрақты, дұрысталып келеді",-делінген ведомствоның баспасөз хабарламасында.

БҚО Полиция департаменті бұл істі кейінірек түсіндіруге уәде берген.