БҚО-да жалғызбасты әке ұлын белбеумен ұрғаны үшін сотқа тартылды

0
1 236

Сот шешімімен ер адам кінәлі деп танылып, ескерту берілді.


БҚО-да жалғызбасты әке ұлын белбеумен ұрғаны үшін сотқа тартылды

ERNUR.KZ. Батыс Қазақстан облысында жалғызбасты әке 4 жасар ұлын белбеумен ұрып, қасақана дене жарақатын салған, деп жазады stan.kz.

Бәйтерек ауданының №2 аудандық сотында әкімшілік кодекстің 73-1 бабы "Отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қарсы әрекеттер" бойынша іс қаралды. БҚО сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, ер адам өзінің төрт жасар ұлына белбеумен қасақана дене жарақатын салған. Баланың денсаулығына жеңіл зиян келген.

Сот отырысында құқықбұзушы өз кінәсін толық мойындады. Ол кешке кішкентай баласының ойнап, бағынбағанын, сондықтан оны белбеумен жазалағанын түсіндірді. Ер адам екі баланы жалғыз тәрбиелеп отыр. Анасы ата-ана құқығынан айырылып, бөлек тұрады.

Оқиға туралы бірінші болып бала баратын балабақша хабарлаған.

Сот шешімімен ер адам кінәлі деп танылып, ескерту берілді. Қаулы заңды күшіне енген жоқ.