«Болашақ» бағдарламасы: Оқытушыларға қосымша шәкіртақы тағайындалады

0
552

Енді «Болашақ» бағдарламасымен оқуға түскен Сулейман Демирель атындағы университеттің қызметкерлеріне жұмыс орнынан шәкіртақы тағайындалады.


«Болашақ» бағдарламасы: Оқытушыларға қосымша шәкіртақы тағайындалады

ERNUR.KZ. Бұл туралы ЖОО ректоры Давронжон Гаипов мәлімдеді, деп жазады baq.kz.

Биыл университеттің 16 оқытушысы «Болашақ» стипендиясының иегері атанды. Мамандар 1 жыл бойы шетелде тағылымдамадан өтеді. Ректордың айтуынша, биылдан бастап оларға мемлекеттік шәкіртақыдан бөлек қосымша көмек беріледі.

Қазіргі таңда университетімізде «Болашақ» бағдарламасының 44 түлегі қызмет етеді. Енді биылдан бастап бағдарлама аясында оқуға, тағылымдамаға баратын қызметкерлерге көмек ретінде орташа жалақыдан 40% шәкіртақы төлейміз. Тағылымдамаға шетелге кеткен қызметкерлердің орны міндетті түрде сақталады. Білімін жетілдіріп, тәжірибе жинағысы келетін әріптестерді әрдайым қолдауға дайынбыз, – деді ректор.

Биыл 16 қызметкер АҚШ-тағы және Ұлыбританиядағы Columbia University, American University, George Washington University, University of Essex, Heriot-Watt University жоғары оқу орындарында білім алып, тағылымдамадан өтеді.