"Болашақ" бағдарламасына үміткерлер үшін IELTS тестінің орташа балы төмендетілді

0
919

Енді 5 балл жеткілікті және бір жыл тілдік дайындықтан өту мүмкіндігі қарастырылған.


ERNUR.KZ. "Болашақ" бағдарламасы бойынша техникалық және IT мамандықтарға бөлінетін грант саны 60%-ға өседі, деп жазады nur.kz

Сондай-ақ, техникалық дайындық бағыттары бойынша үміткерлер үшін шет тілін меңгеруге арналған IELTS тестінің орташа балы төмендетілді. Енді 5 балл жеткілікті және бір жыл тілдік дайындықтан өту мүмкіндігі қарастырылған.

Ауылдық жерде міндетті тұру мерзімі 3 жылдан екі жылға қысқарту жоспарда бар. Енді инженерлік-техникалық мамандықтарға басымдық беріледі. Бұл орайда "Инженерлік-техникалық қызметкерлер" жеңілдетілген санаты енгізілуі мүмкін.

"Болашақ" бағдарламасына құжат тапсыру кезінде олар шетелдік университеттерге өз бетінше түспейді. Олар алдымен тіл курстарынан өтіп, стипендия тағайындалғаннан кейін бағдарлама бойынша оқуға ұсынылған тізімнен оқу орнын таңдай алады.

Айта кетейік, осыған дейін техникалық мамандықтарға бөлінген грант үлесі - 36 процент болды.

"Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес осы көрсеткішті 60% ға дейін көтеруді көздеп отырмыз. Біріншіден, сондықтан бірнеше өзгерістерді енгізуді бастадық. Бірінші өзгеріс осындай инженерлік техникалық мамандар енді жеке арнайы квотаға кіретін болады. Біздің Telegram каналды оқи жүріңіз",- деді "Халықаралық бағдарламалар орталығының" АҚ президенті Әнуар Жанғозин.