"Болашақ" шет тілдерін білу талабын жеңілдетті

0
1 436

Қаулының өз күшіне енетін күні алдағы уақытта хабарланады.


ERNUR.KZ."Болашақ" білім беру бағдарламасы арқылы оқығысы келетін талапкерлерге шет тілін білу талабы жеңілдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Халықаралық бағдарлама орталығының сайтына сілтеме жасап.

Сайттағы мәліметке қарағанда, шет тілін білудің қажетті минималдық деңгейін төмендету мақсатында құқықтық-нормативтік актіге өзгерістер енгізілді.

Халықаралық "Болашақ" бағдарламасы аясында академиялық дайындықтан өту үшін үміткерлерге шет тілдерін мына деңгейде білу жеткілікті: Неміс тілі (Goethe-Zertifikat А1, DAAD 10- 5.0) Француз тілі (TCF 100, DELF A1) Кәріс тілі (TOPIK (level 1) Жапон тілі (Nouryekushiken 5 деңгейі). Сонымен қатар, шәкіртақы алатындардың тілді үйрену үшін 1 жылға Аустрияға, Германияға, неміс тілін үйрететін Швейцария Конфедерациясына, Францияға, Корея мен Жапонияға барып, білімін шыңдауға мүмкіндіктері бар екені айтылады.

Қаулының өз күшіне енетін күні алдағы уақытта хабарланады.

Айта кетейік, осыған дейін "Болашақ" бағдарламасы бойынша оқығысы келетіндерге алдағы бес жыл ішінде талап өзгеретіні хабарланған еді.