«Болашақ» стипендиясына үміткер іріктеу ережесіне қандай өзгерістер енгізілді

0
878

«Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу және «Болашақ» халықаралық стипендиясын жұмсау бағыттарын анықтау ережесіне өзгерістер енгізілді.


«Болашақ» стипендиясына үміткер іріктеу ережесіне қандай өзгерістер енгізілді

ERNUR.KZ. «Болашақ» стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеудің жаңа қағидалары қабылданды, деп жазады ҚазАқпарат.

1. Басым мамандықтар тізбесі еңбек нарығындағы қажеттіліктер болжамын ескере отырып қалыптастырылады

2.Үміткер алдымен шетелдік жоғары оқу орнына түсуге және одан шақыру алуға тиіс
3.Болашақтықтар халықаралық рейтингтер үздігіндегі шетелдік ЖОО-ға ғана жіберіледі
4.Тағылымдамадан өту үшін ғылыми орталықтар мен зертханаларға баруға болады, ғалымдар үшін стипендиялардың жекелеген саны қарастырылған
5.GPA талабы тоқтатылады
6.Үміткер 6 турдың орнына 3 турдан (кешенді тестілеу, ТСК және Республикалық комиссия) өтеді
7. Шет тілі білімінен тест тапсырудың қажеті жоқ. Мемлекеттік тілді меңгергендігін Қазтест сертификаты растайды
8.Тәуелсіз сараптамалық комиссия мүшелерінің саны 3-тен 5-ке дейін артады, үміткерлермен әңгімелесу автоматтандырылған жүйе арқылы жүргізіледі
9. Ауылдық елді мекеннен шыққан үміткерлер үшін Қазақстанда алдын ала тілдік дайындық өткізіледі
10. Барлық квоталық санаттар жойылды.

Еске сала кетсек, ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 6 мамырдағы №271 қаулысымен «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу және «Болашақ» халықаралық стипендиясын жұмсау бағыттарын анықтау ережесіне өзгерістер енгізілді.