Болашақта ағылшын тілін білмесең, жақсы жұмысқа орналасу қиын болуы мүмкін – Әшімбаев

0
1 504

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында бірнеше жоба жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз. Атап айтқанда, ауыл жастарының бәсекеге қабілеттілігін аттыру үшін оларға ағылшын тілін үйретеміз. Яғни ауылдарда ағылшын тілін үйренуге мүмкіндік жасаймыз. Болашақта ағылшын тілін білмесе, ертең жақсы жұмысқа орналасу барысында қиындықтар болуы мүмкін.


Болашақта ағылшын тілін білмесең, жақсы жұмысқа орналасу қиын болуы мүмкін – Әшімбаев


ERNUR.KZ. «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев ауыл жастарына ағылшын тілін қалай үйрететінін мәлім етті, деп хабарлайды baq.kz.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында бірнеше жоба жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз. Атап айтқанда, ауыл жастарының бәсекеге қабілеттілігін аттыру үшін оларға ағылшын тілін үйретеміз. Яғни ауылдарда ағылшын тілін үйренуге мүмкіндік жасаймыз. Болашақта ағылшын тілін білмесе, ертең жақсы жұмысқа орналасу барысында қиындықтар болуы мүмкін. Осы мақсатта, ауылдық жерлерде ағылшын тілін үйрететін клубтарды ашуды жоспарлап отырмыз», - деді ол.

Осы орайда Мәулен Әшімбаев ауыл жастарына ағылшын тілін кімдер үйретенін айтты.

«Бұл жұмысты да «Атамекен» ҰКП және мемлекеттік органдармен бірге жүзеге асырамыз. Бұл клубтарға біз волонтер ретінде шетелден 500-ден астам ағылшын тілінде сөйлейтін жас азаматты тартамыз. Сондай-ақ жобаға Қазақстанда ағылшын тілін үйреніп жүрген студенттер де қатысады. Олар кезең-кезеңімен осы клубтарда ауыл жастарына ағылшын тілін үйретеді. Волонтерлар ақысыз жұмыс істейді», - деді «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары.

Сөз соңында ол аталған жобаға қатысты кейбір сұрақтар әлі пысықталып жатқанын атап өтті.

«Волонтерларды қалай шетелден алып келеміз? Оларлың әлеуметтік мәселелерін қалай шешеміз?» деген сұрақтарды біз пысықтап жатырмыз. Нақты жоспарымыз бар», - деп түйіндеді сөзін Мәулен Әшімбаев.