Бұдан былай баланың қай мектеп не колледжде оқитынын Egov-тан білуге болады

0
504

Бұл қызметті смартфоныңыздағы Egov Mobile электронды үкімет қосымшасы арқылы электронды түрде пайдалануға болады.


Бұдан былай баланың қай мектеп не колледжде оқитынын Egov-тан білуге болады

ERNUR.KZ. ҚР Оқу-ағарту министрлігі Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен, А.Байтұрсынұлы атындағы «Талдау» білімді зерттеу мен бағалаудың ұлттық орталығымен және «Ұлттық ақпараттар технологиясы» АҚ-мен бірлесіп Egov Mobile мобильді қосымшасында «Білім туралы мәліметтер» жаңа цифрлық құжатты іске қосты, деп жазады inform.kz.

Бұл қызметті смартфоныңыздағы Egov Mobile электронды үкімет қосымшасы арқылы электронды түрде пайдалануға болады.

Барлық ақпарат Egov Mobile қосымшасындағы цифрлық құжаттарда «Отбасы» бөлімінде қолжетімді.

Мұнда балабақшаға баратынын, мектепте, колледжде оқитынын растайтын білім туралы мәлімет берілген.

«Білім туралы ақпаратта толық аты-жөні, ЖСН, туған күні, білім беру ұйымының деректері, жас тобы, балабақша үшін топ атауы, мектеп үшін сыныбы мен литері және колледж үшін топ коды көрсетіледі. Енді ата-аналарға оқу орнынан қағаз түріндегі анықтама алудың қажеті жоқ, жеке куәлік секілді Egov Mobile мобильді қосымшасынан мәліметтерді ұсынуы жеткілікті», - деп атап өтті Оқу-ағарту вице-министрі Айбат Ілиясов.

Енді оқу орындарынан қағаз түрінде анықтамалар алу және талап ету алынып тасталады. Бұдан басқа баланың білімі туралы цифрлық құжаттар ата-аналар үшін көлікте жүру картасын алуда және басқа да қызметтерге жүгінуде қажет болуы мүмкін.

Еске сала кетейік, Оқу-ағарту министрлігі бұған дейін техникалық және кәсіби білім дипломдарын цифрлық нұсқада беру бойынша жұмыс жүргізген еді.

Бұл құжаттар да Egov Mobile мобильді қосымшасында қолжетімді.