Бүгін елімізде Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру басталады

0
782

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жарналар мен аударымдардың ставкаларын белгіледі.


Бүгін елімізде Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру басталады

ERNUR.KZ. 2020 жылдың 1 қаңтарында Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі іске қосылды, деп жазады ҚазАқпарат.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, халықтың 94,5% бұл сақтандырумен қамтылады.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жарналар мен аударымдардың ставкаларын белгіледі: жұмыс берушілер жалақы қорынан 2%, жұмысшылар - жалақының (немесе ең төменгі жалақының 10 есе мөлшерінің) 1% төлейді.

Жеке кәсіпкерлерге, жеке тәжірибесімен айналысатын тұлғаларға және шаруа қожалықтарына келсек, 1,4 есе төменгі еңбекақының 5% немесе азаматтық-құқықтық сипат келісімдері бойынша жұмыс істейтіндер үшін - кірістің (немесе ең төменгі 10 жалақының) 1%, дербес төлеушілерден - ең төменгі жалақы мөлшерінен 5% алынады.