Бүгін Қазақстанда Қарттар күні атап өтіледі

0
663

«Қарты бар үйдің қазынасы бар», дейді дана халқымыз.


Бүгін Қазақстанда Қарттар күні атап өтіледі

ERNUR.KZ. Отбасында баланы жастайынан үлкендерге, ата-аналарға құрметпен қарауға үйретеді. Бұл ұрпақтар байланысын және дәстүр сабақтастығын сақтауға ықпал етеді.

Қарттар күні – егде жастағы адамдардың мемлекет пен қоғам алдындағы еңбегін ерекше құрметтеудің, сондай-ақ қарттарға қолдау көрсету, олардың тұрмысын жақсарту мен өмір сүру ұзақтығын арттыру сияқты мәселелерге назар аударудың символы.

Аға буын өкілдерінің өмірлік тәжірибесі мен даналығы баға жетпес құндылық, олардың көптеген жетістіктері – жастарға үлгі. Белсенді ұзақ өмір сүру жобалары қазақстандық қарттардың елдің қоғамдық өміріне барынша ұзақ уақыт қатысуына септігін тигізеді, олардың өмірін қызықты етеді.

Ең бастысы – қарияларға көңіл бөлу, балалар мен немерелердің, туған-туыстар мен жақындардың сүйіспеншілігі мен қамқорлығы. Қарттарымыз аман жүрсін!