Бурабайға демалуға барған балалар ауруханаға түсті

0
538

​Маусымның 30-нан бастап балалар Edelweiss borovoe балалар сауықтыру орталығына демалуға барған.


Бурабайға демалуға барған балалар ауруханаға түсті

ERNUR.KZ. Бурабайға Павлодардан демалысқа келген балалар үйінің тәрбиеленушілері ауруханадан бір-ақ шықты, деп жазады tengrinews.kz.

Маусымның 30-нан бастап балалар Edelweiss borovoe балалар сауықтыру орталығына демалуға барған.

Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше барлық он бала Щучинск қаласындағы ауруханаға жатқызылған.

"7 шілде күні шамамен 11:30-да он балаға диагноз қойылып, бәрі Щучинск қаласындағы көпбейінді балалар ауруханасына жатқызылды. Қабылдау бөлімінде балаларды инфекционист және отоларинголог мамандар қарап, мұрыннан бактериологиялық зерттеуге жұғынды, алынып, менингококкқа тамақтан жұғынды, ротавирус және энтеровируске, сондай-ақ ковидке анализдер алынып, жалпы қан талдауы жасалды. Екі балаға көкірек қуысына рентгенографиясынан өтті. Үш балаға бұлшықетішілік дәрі беріліп, қалғандарына пероралды антибиотиктер мен тамақты шайылды", - деді Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасынан.