Былтыр Ресей Қазақстан арқылы Қытайға 10 млн тонна мұнай тасымалдады

0
490

2023 жылы елімізде 90 млн тонна мұнай өндірілді.


Былтыр Ресей Қазақстан арқылы Қытайға 10 млн тонна мұнай тасымалдады

ERNUR.KZ. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 6,9%-ға артық. Бұл туралы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев ведомствоның кеңейтілген алқасында айтты, деп жазады inbusiness.kz.

"Мұнай экспорты да өсіп, 70,5 млн тоннаны құрады. Каспий құбыр консорциумының қазақстандық учаскесіндегі кедергілерді жою жобасы аяқталды. Бұл өткізу қабілетін жылына 72,5 млн тоннаға дейін арттырды. Қазақстандық мұнайды "Транснефть" ЖАҚ жаңа жүйесі арқылы "Шведт" МӨЗ бағытындағы "Дружба" мұнай құбыры арқылы Германияға 1 млн тонна көлемінде тасымалдау қамтамасыз етілді", - деді министр.

Қазақстан мұнайын "Баку-Тбилиси-Джейхан" жүйесі арқылы 1 млн тонна көлемінде тасымалдады.

Сәтқалиевтің сөзінше, отандық мұнайдың Қытайға экспорты 1,2 млн тоннаны құраса, Өзбекстанға темір жол арқылы – 0,065 млн тонна.

"Ресей мұнайының ел аумағы арқылы транзиті: Қытайға – 10 млн тонна, Өзбекстанға – 0,15 млн тонна", - деп атап өтті ол.