Дәрі-дәрмекті қымбат бағамен сатқандарға 2,5 млн теңге айыппұл салынды

0
271

Министрдің бұйрығына сәйкес бүгінде 7 мыңға жуық дәрі-дәрмек саудасына шекті баға белгіленді.


Дәрі-дәрмекті қымбат бағамен сатқандарға 2,5 млн теңге айыппұл салынды

ERNUR.KZ. Қазақстанның денсаулық сақтау министрінің 2023 жылдың 7 тамызындағы бұйрығымен бөлшек және көтерме саудада өткізу үшін дәрілік заттардың 6 890 саудалық атауына шекті бағалар бекітілді, деп жазады sputnik.kz.

Дәріхана ұйымдарында дәрі-дәрмектер бекітілген шекті бағадан төмен бағада сатылуы мүмкін екенін де айта кеткен жөн.
"Қазақстанның Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 426 бабына сәйкес дәрі-дәрмекті бекітілген шекті бағадан асыра сатқаны үшін жауапкершілік көзделген. Сонымен қатар, шекті бағадан асыра сату фактісі анықталған жағдайда, Медициналық және фармацевтикалық бақылау Комитетінің аумақтық департаменттеріне дәлелді құжаттармен, яғни дәрі-дәрмек және сату түбіртегімен немесе DARIKZ мобильді қосымшасы арқылы өтініш қалдыруға болады", - деп жазылған хабарламада.
2024 жылдың 1 жартыжылдығында дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың бағасын бақылау аясында дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың шекті бағасынан асып кетудің 4 фактісі анықталды, 2,5 миллион теңгеден астам айыппұл салынды.