Дәрі-дәрмектің шекті бағасын мобильді қосымша арқылы бақылауға болады

0
672

Қосымша сонымен қатар дәрі-дәрмектерді қолданғаннан кейін пайда болған жанама әсерлер туралы хабарлауға мүмкіндік береді.


Дәрі-дәрмектің шекті бағасын мобильді қосымша арқылы бақылауға болады

ERNUR.KZ. Денсаулық сақтау министрлігі азаматтарға дәрі-дәрмектің шекті бөлшек сауда бағасын бақылау үшін Dari.kz мобилдік қосымшасын пайдалануды ұсынады, деп жазады sputnik.kz.

Бұл өмірлік маңызды дәрі-дәрмектерге баға белгілеудің қолжетімділігі мен әділдігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Dari.kz қалай жұмыс істейді?

Dari.kz қосымшасының көмегімен пайдаланушылар бағаның қымбаттағаны туралы оңай және жылдам хабарлай алады. Бұл үшін:
1. Дәрі-дәрмектің түбіртегі мен қаптамасының суретін жүктеу қажет.
2. ⁠Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің аумақтық департаменттеріне автоматты түрде жіберілетін өтініш жіберу керек.
Қосымша сонымен қатар дәрі-дәрмектерді қолданғаннан кейін пайда болған жанама әсерлер туралы хабарлауға мүмкіндік береді. Бұл дәрі-дәрмектердің сапасын бақылауды жақсартуға көмектеседі.
Денсаулық сақтау министрлігі белгіленген шекті бөлшек сауда бағасынан асып кеткені үшін айыппұлдар көзделгенін еске салады.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 426-бабының 1-бөлігіне сәйкес мынадай айыппұлдар көзделген:
Жеке тұлғалар: 70 АЕК.
Лауазымды тұлғалар: 100 АЕК.
Шағын кәсіпкерлік субъектілері: 130 АЕК.
Орта кәсіпкерлік субъектілері: 200 АЕК.
Ірі кәсіпкерлік субъектілері: 1000 АЕК.
Dari.kz қосымшасын тегін жүктеп алуға болады.