Дәрігер жамбасы үлкен қыздарға үйленудің сырын айтты

0
1 685

​Жүкті әйел семірген сайын оның денесіндегі май баланың өмір сүруіне және интелектісі жоғары болуына тікелей әсер етеді екен.


Дәрігер жамбасы үлкен қыздарға үйленудің сырын айтты

иллюстрациялық фото

ERNUR.KZ. Жүктілік кезінде әйелдердің толуы жатырдағы баланың дамуына тікелей әсер етеді, деп жазады Экспресс К.

Жүкті әйелдердің арасында босанғанға дейін толып кетуіне алаңдайтындар көп. Алайда бұл олардың денсаулығына және бала үшін аса пайдалы екен.

"Дәрігерлер әйелдің аяғындағы және басқа бөлігіндегі май — бұл баланың миының қалыптасуына қажетті рөл атқаратынын айтады. Сонымен бірге, баланың жүйке жүйесін қалыптастыру үшін де денедегі көп май аса маңызды. Аяқ және бөкседегі май адам миының ерекше маңызды құрамдас бөлігі саналатын Омега-3 майлы қышқылымен молынан байытылған", — деп жазады clear-news.com сайты.

Басылымның жазуынша, бұл дерек бұған дейін құпия болған.

"Осы уақытқа дейін әйелдерде неге май көп болатыны жұмбақ еді. Әдетте, сүтқоректілер мен приматтарда 5-10 пайыз май қоры болса, әйелдердің денесіндегі май қоры үш пайызға жетуі мүмкін. Іштегі бала жетіліп, туғанға дейін әйел денесінде май жиналуы да содан болар", — деп жазады басылым мамандардың пікіріне сүйеніп.