Дәрігерлер ақтаулық әйелдің ішкі мүшесін рұқсатсыз алып тастаған

0
2 303

Келіншекке бір дене мүшесінен айырылғанын наркоздан оянғанда хабаралайды


Дәрігерлер ақтаулық әйелдің ішкі мүшесін рұқсатсыз алып тастаған

ERNUR.KZ. Ақтау қаласының тұрғыны Анна Биктимирова өзіне ауырлық танытқан жарықты алдырып тастау үшін жекеменшік ауруханаға барған. Алайда отаны аяқтағаннан кейін дәрігерлер келіншектің өт қабын да алып тастауды шешкен екен. Ақ халаттылар бұл әйелдің ағзасында тас болғанын айтады, деп жазады nur.kz.

Келіншекке бір дене мүшесінен айырылғанын наркоздан оянғанда хабаралайды. Бұл жаңалықта естіген әйел өз құлағына өзі сенбей қалады.

Ал ақ халаттылар нуқасқа ота кезінде өт қабынан тас байқағандарын, сондықтан, ол мүшені алып тастауды ұйғарғандарын айтады. Хирургтың өз рұқсатынсыз дене мүшесін алып тастағанын білген әйел оның үстінен полицияға арыз жазған.

Алайда аурухана дәрігерлері әйелдің наразылығына қарсы. Олар науқастың өз ауруы туралы білгенін және өт қабын алуға рұқсат бергенін айтып отыр.

Ал Анна Биктимирова болса дене мүшесін алдырған соң өзін нашар сезініп жүргенін айтуда. Науқас келіншек тіпті қайтадан дәрігерлерге баруға мәжбүр болған екен.

Бұл жолы ақ халаттылар әйелге мүгедектікке әкелетін өте ауыр диагноз қойыпты.

Енді Анна Биктимирова бұл істі сот арқылы шешпек. Алдағы уақытта дәрігерлерге келіншектің өт қабын алдыруға рұқсат беру туралы құжатқа қол қойғанын заң негізінде дәлелдеу қажет болады.

Ал клиника өз кезегінде беделдеріне нұқсан келтірген келіншекке қарсы арыз дайындап жатыр.