Дәрігерлер көпірден секіріп кеткен жүкті әйелдің жағдайы туралы айтты

0
537

Елордалық полицейлер өзенге секірген жүкті әйелді құтқарған болатын.


Дәрігерлер көпірден секіріп кеткен жүкті әйелдің жағдайы туралы айтты

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтан қаласының денсаулық сақтау басқармасы елордада көпірден секіріп кеткен жүкті әйелдің жағдайы туралы мәлімет берді, деп жазады ҚазАқпарат.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, әйелдің құрсағындағы баласы әзірге аман.

«Жағдайы тұрақты. Медицина қызметкерлерінің бақылауында, тексеруден өтіп жатыр. Бейінді мамандардың барлық қажетті көмегін алып жатыр», - деді қалалық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері.

Еске сала кетейік, кеше елордалық полицейлер өзенге секірген жүкті әйелді құтқарған болатын.

3 қазан күні астаналық полицей Алмаз Құлтанов Қабанбай батыр даңғылында қызмет бабымен жүріп, сағат 12:20 шамасында «Рамстор» сауда үйі маңындағы Есіл өзенінің көпірінде бейтаныс қыздың әдеттен тыс әрекеттерін байқап қалады.

Кенет қыз сырт киімдерін шешіп, суға секіруге әрекеттенеді. Ол дереу жедел басқару орталығының кезекшісіне хабарлап, өзі көпірге қарай беттейді.

Ол кезде әйел де суға секіріп үлгерген еді. Құлтанов та оның артынан суға секіріп құтқарып қалады.