Дәрігерлер ота жасау кезінде мерзімі өтіп кеткен препарат қолданған

0
552

Есірткі заттары бар ампулалар уақытылы жойылмаған.


Дәрігерлер ота жасау кезінде мерзімі өтіп кеткен препарат қолданған

ERNUR.KZ. Абай облысы Мақаншы ауданының прокуратурасы денсаулық сақтау мекемесін тексеру барысында дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бойынша көптеген заң бұзушылықтарды анықтады, деп жазады sputnik.kz.

Тексеру барысында дәрі-дәрмектің дұрыс сақталмағаны, есірткі заттары бар ампулалардың уақытылы жойылмағаны және дәрі-дәрмектердің дұрыс тағайындалмағаны анықталды.
Сонымен қатар, ота жасау кезінде дәрігерлер науқастарға мерзімі өтіп кеткен "Кетам" анестезия (наркоз) препараттарын қолданған.
Прокуратура қабылдаған шаралардың нәтижесінде медициналық мекеменің 12 қызметкері тәртіптік жазаға тартылып, 12 тұлғаға Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодекстің 426-бабы (фармацевтикалық қызметтің және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласының қағидаларын бұзу) бойынша 1,5 млн теңгеден астам әкімшілік айыппұл салынды.