Ол 32 жасына қараған шағында көз жұмды.
ERNUR.KZ. Қазақстандық танымал әнші, музыкант Дархан Жүнісбековтің денесі ертең Алматыға жеткізіледі. Бұл туралы СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров министрліктің дәстүрлі брифингінде брифингте айтты, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
«Ертең (Таиландта) қайтыс болған отандасымыздың денесі Пхукет – Алматы әуе рейсі арқылы Қазақстанға жеткізіледі»,- деді Смадияров.
Айта кетейік, Darkhan Juzz деген атпен танымал болған қазақстандық музыкант, хип-хоп әнші Дархан Жүнісбековтің Таиландта жалдамалы мопедпен жүріп жол-көлік апаты салдарынан қаза тапты.
Darkhan Juzz атымен танылған Дархан Жүнісбеков 1991 жылы 9 тамызда Алматыда дүниеге келген.