Еліміздің басым бөлігінде күн салқындайды.
ERNUR.KZ. Синоптиктер 22-24 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері астрономиялық күздің келуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде күн салқындайды.
"Күзгі күн мен түннің теңесуі кезінде астрономиялық күз басталып, республиканың басым облысында жауын-шашын жауып, күн салқындайды. Тек республиканың батыс облыстарында оңтүстік-батыс тропосфералық ағындардың және жоғары атмосфералық қысымның әсерінен жылы және жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі", - деді "Қазгидромет" өкілдері.